Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Шырша жағылды!

Бүгін орталық алаңда 14 метрлік шыршаның шамдары жағылды. Ол ойыншық пен жарықдиодты гирляндалармен безендірілген.

Салтанатты шараға қала әкімі Нұржан Кемерұлы Әшімбетов қатысты. Шаһар басшысы балалармен бірге Жаңа жылдық шыршаны жақты. Шырша түрлі-түсті гирляндалармен жағылды.

Мерекелік шара қала тұрғындарына нағыз жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады. Салтанатты шара қала әртістерінің мерекелік концертімен жалғасты.