Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Сарықамыс ауылдық округі

«Екібастұз қаласының Сарықамыс ауылдық округі әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі

Сейсембаев Марат Қайрбекұлы 1961 жылдың 4 қыркүйегінде Павлодар облысы Баянауыл ауданының Төрт-Құдық кенішінде туған.

1984 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын, физика және математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

 1978-1979 жылдар аралығында Төрт-Құдық кенішінде Тұрғын-үй басқармасының тасымалдаушысы.

1984 жылдан 1985 жылға дейін -  Төрт-Құдық  орта мектебінің физика мұғалімі және  мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырушы.

1985 жылдан 1987 жылға дейін Кеңес үкіметінің әскер қатарында әскери міндетін атқарушы.

1987 жылдан 1988 жылға дейін Қарасу орта мектебінің физика пәнінің  мұғалімі және оқу ісі меңгерушісі.

1988 жылдан 1989 жылға дейін Байет орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі.

1989 жылдан 2012 жылға дейін – Сарықамыс жалпы білім беретін орта мектеп директоры.

2012 жылғыдың 6 сәуірінен бастап Сарықамыс ауылдық округінің  әкімі болып тағайындалды.

 

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141215, Екібастұз ауданы, Сарықамыс ауылы, Беркімбаев көшесі - 11.

Электрондық мекенжайы: gu-sarigamis@mail.ru

Байланыс телефондары: +7 (7187) 74-27-52, факс 74-27-69

Азаматтарды жеке қабылдау  жұма сайын: сейсенбі күні 15.00-18.00, сәрсенбі күні 09.00 -12.00, жұма күні 15.00-18.00.

 

ӘЛЕУМЕТТІК ПАСПОРТ

Сарықамыс ауылдық округі

(әкімСейсембаев Марат Қайырбекұлы, 1961 жылы туған,

осы лауазымда 2013 жылдың 8 тамыз айынан бастап істейді)

 

Ауылдық округтің аумағы (кв.км)

45,1

Елді мекендер саны (бірл.)

2

Халық саны (адам)

405

Сайлаушылар саны (адам)

265

Зейнеткерлер саны (адам)

соның ішінде ҰОС-ның қатысушылары (адам)

40

-

Атаулы көмек алатын тұлғалар саны

-

Еңбекке қабілетті тұрғындар саны (адам)

200

ЖҚО тіркелген жұмыссыздар (адам)

5

Мектептер саны (бірл.)

1

Мұғалімдер саны (адам)

21

Оқушылар саны (адам)

67

Денсаулық сақтау нысандарының саны (бірл.)

1

Медқызметкерлер саны (адам)

2

Спортзалдар, спорткешендері (бірл.)

2

Кітапханалар (бірл.)

2

Клубтар, МҮ (бірл.)

1

Шаштараздар (бірл.)

-

Тігін цехтары (бірл.)

-

АЖМҚС (бірл.)

-

Сауда орындарының саны (бірл.)

2

Дайындау пункттерінің саны (бірл.)                                                                     

 

Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу нысандары  (бірл.)

-

Аула саны (бірл.)

90

Мал ұстамайтын аулалар саны (бірл.) %

18

(20 %)

Ауыл шаруашылық құрылымдарының бары (бірл.):              ЖШС

                         ШҚ

 

-

6

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны (бірл.)

8

Мал саны (басы), соның ішінде:

 

ІҚМ

1669

соның ішінде сиыр

776

жылқы

180

шошқа

 

қой, ешкі

1229

құстар

342