Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Құттықтаймыз!

Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар екібастұздықтар мемлекеттік наградаларға ие болды.

ІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденін депутат Николай Арсютин алса, ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен «Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-нің машинисі Жұмабай Баубеков марапатталды. Президенттің Құрмет грамоталары қалалық мәслихаттың хатшысы Болат Құспековке және қала әкімінің орынбасары Наталья Нефедоваға берілді. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісін Талғат Құсайынов пен Виктор Фризен алды. «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі Ерболат Жұматаевқа берілді. Сондай-ақ, «Сәтпаев атындағы канал» кәсіпорны директорының кеңесшісі Леонид Баталов пен энергетика ардагері, «Екібастұз болашағы үшін» қоғамдық бірлестігінің төрағасы,  облыстық мәслихат депутаты Раис Гайнулин Павлодар облысының Құрметті азаматы атанды.

Барлықтарыңызды жоғары марапатпен құттықтаймыз және шын жүректен зор денсаулық тілейміз!