Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Құрметті екібастұздықтар!

Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

Бұл мереке – көпұлтты Қазақстан өміріндегі орасан зор оқиға. Бүгін біз егемндіктің жиырма жетінші таңын қарсы алып отырмыз.

Халықтың бірлігін негізге ала отырып, біз барлық қиындықтарды жеңдік. Бүгін біздің мемлекетіміз еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен экономиканы табысты дамытуды, әлеуметтік саланы нығайтуды және демократиялық қайта құруларды жүргізуді жалғастыруда.

Тәуелсіздік жылдарындағы оң өзгерістердің, Елбасының жаһандық бастамаларының арқасында Қазақстан халықаралық деңгейде мойындалды.

Біздің елімізді бүкіл әлем біледі. Сондықтан мемлекетіміздің әрбір тұрғыны болашаққа сеніммен қарап, Қазақстан азаматы екенін үлкен мақтаныш тұтады.

Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерді сақтау бізге жүктелген маңызды міндет.

Сіздерді осы мерекемен құттықтаймын! Баршаңызға амандық, бақыт, денсаулық, бейбітшілік пен жақсылық тілеймін!

Н.Әшімбетов,

Екібастұз қаласының әкімі