Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімінің «Екібастұз қаласы әкімінің 2018 жылғы 01 ақпандағы «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы» шешімінің жобасына

Бұл жоба Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының  4) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Екібастұз қаласы әкімінің 2018 жылғы 1 ақпандағы №1 шешімі негізінде Екібастұз қаласының аумағы мен қаланың ауылдық аймағында  жергілікті деңгейде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 23 ақпандағы №194/2 қаулысымен жергілікті атқарушы органның резервінен жөндеу жұмыстарын жүргізу және төтенше жағдайдың  салдарын жою үшін ақша қаражаты бөлінді.

Осыған сәйкес, жөндеу жұмыстары жүргізілді және төтенше жағдайдың  салдары жойылып, аталған шешімнің күші жойылғандығы туралы қала әкімінің шешімін қабылдау қажеттілігі туындады.

Шешім жобасын іске асыру жергілікті бюджеттен  қаржы шығындарын талап етпейді және әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдары болмайды.

Шешім жобасы «Электрондық Үкімет» порталының ашық НҚА https://legalacts.egov.kz. бөліміне орналастырылды.