Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Сәби city» балабақшасы ашылды

Экономикалық өсудің жаңа моделіне көшу шеңберінде «3.0 жаңа экономиканың драйвері ретінде білім беру хабын дамыту» жобасы іске асырылуда.

Осы жоба аясында Екібастұзда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні қарсаңында «Сәби city» жеке меншік балабақшасы ашылды.

Қала бойынша кезекте 2336 бала тұр, оның ішінде 363 бала 8 шағын ауданында тұрады. Жалпы бала санының 15%-н көрсетіп тұрған аталмыш ауданға мектепке дейінгі мекемені ашу қажет.

Мемлекеттік тілдегі жеке меншік балабақшасы 50 орынға лайықталған. 1-ден 5 жасқа дейін балалар қабылданады. Топтар жиһазбен жабдықталған. Үлкен кең музыкалық зал бар. Балабақша штатында 14 қызметкер бар.