Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» екібастұздық салымшылары қоныс тойын тойлауда

Мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында 107 екібастұздық жаңа пәтер кілттерін алып, қоныстанды. Биылғы жылы Екібастұзда 30 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш екі есеге көп.

 «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен салынған Энергетиктер көшесіндегі  үш үйдің құрылысын «Гидропром» ЖШС-і жүргізген.  Қаржы құны – 1 449,0 млн. теңге.

Бұл үйлер барлық санаттағы тұрғындар үшін тұрғызылған. Мұнда мемлекеттік қызметкерлерде, мұғалімдер де, қарапайым жұмысшылар да бар.  Тұрғын үй кешенінде жалпы аумағы – 14,1 мың шаршы метр. 43,3-44,6 шаршы метрлі бір бөлмелі пәтерлер, 50,4-52,3 шаршы метрлі екі бөлмелі және 69,1-75,0 шаршы мертлі үш бөлмелі пәтерлер салынған. Ең бастысы, пәтердің бір шаршы метрінің бағасы 100 мың теңгені құрады. Айта кетерлігі, 180 пәтерлі бұл үйлерде әлі де иесін күткен 73 пәтер тұр.