Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Бес анық» моноспектаклінің қойылымы Екібастұзда

2013 жылдың 8 қазанында Екібастұз қаласында «Өнер» қалалық мәдениет орталығында тәрбиенің үйлесіміне негізделген Мұхтар Арынның шығармасын халыққа насихаттау мақсатында режиссер Ерсайын Тәпенов «Бес анық» атты моноспектаклін қойды.

         Аталмыш моноспектальді қойған актер Даниял Әсеновтың тамаша орындауымен оқушылар мен ұзтаздардың көңілінен шыға білді. Актердің өнерлік шеберлігі арқылы жеткізілген ана тілі, дін, туған өлкенің дәстүрлері, тарихы туралы тәлім сөздер жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудегі өзекті мәселелермен үндесті.

         Осы моноспектальді тамашалаған көрермендер тамаша әсерге бөленді.