Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Ғаббас Сағиденовке мемориалды тақта ашылды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Екібастұз қаласында Қаз КСР сот мүшесінің ардагері, Екібастұз қаласының халық сотының алғашқы төрағаларының бірі болған СағиденовҒаббас Сағиденұлына арналған мемориалды тақта ашылды.  

Салтанатты шараға қала судьялары, мемлекеттік органдардың өкілдері, сот жүйесінің ардагерлері, достары, туыстары қатысты.

Жиында сөз алған Павлодар облыстық сот төрағасы Мұхтар Смағұлов, қала әкімі Нұржан Әшімбетов ардагер жайлы жылы лебіздерін білдірді.

Ғаббас Сағиденұлы 1925 жылы 20 маусымда Павлодар облысында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1950 жылы Қазақ ССР Әділет министрлігінің жанындағы Алматы заң мектебіне түседі. 1952 жылы заңгер біліктілігін алады. Жоғары іскерлік және адамгершілік қасиеттерге ие болған Ғаббас Сағиденов Ақмола, Қарағанды облыстарында қорғаушылар мен адвокаттар коллегияларының мүшесі, Нұра, Осакаровка аудандарында халық соты болып қызмет еткен. 1972 жылдан 1985 жылға дейін Екібастұз қалалық сотының төрағасы болды. Оның ұзақ жылғы және адал еңбегі Қазақ КСР Әділет министрлігінде, үкіметтік наградаларда, Павлодар облыстық атқару комитеті әділет бөлімінің бұйрықтарында әлеуметтік  заңдылықты нығайту бойынша ұзақ жылғы жемісті қызметі үшін атап өтілген.