Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Этномәдени бірлестіктерге гранттар табыс етілді

Тәуелсіздік күні қарсаңында қала әкімі Нұржан Әшімбетов этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесіп, ақшалай гранттарды табыс етті. Қаламыздағы 12 этномәдени бірлестік бұл жолы 200 мың теңгені құрайтын гранттарға ие болды.

Нұржан Кемерұлы атап өткендей, бүкіл әлемде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқын біріктіру жөніндегі саясаты мойындалды. Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлерін насихаттауда, балалар мен жасөспірімдерді патриоттық тәрбиелеуде Ассамблеяның рөлі баға жетпес. Этномәдени бірлестіктер мыңдаған екібастұздықтар қатысатын ауқымды мерекелерді үлкен табыспен өткізіп келеді. Этомәдени бірлестіктердің көптеген вокалдық ұжымдары ауқымды қайырымдылық қызметпен айналысады.

Қала әкімі Достық үйінің әртістеріне ауыл округтерге гастрольмен барып, концерттік бағдарламалар ұсынуды тапсырды. Келесі жылы осындай мәдени шараларға еркін барып тұру үшін арнайы автобус сатып алынатындығын да жеткізді.

Достық үйінде «Ана ұлағаты» қоғамдық бірлестігінің қамқорлығымен аналар және қоғамдық келісім кеңестері жұмыс істейді. «Вайнах» шешен-ингуш орталығының белсендісі Осман Таиров келесі жылы жастар кеңесін арнайы  тіркеуге ниетті. Болашақ кеңестің қызметін қаржыландыру үшін қала әкімі ішкі саясат бөлімінің гранттар конкурсына өтінім беруге кеңес берді. 2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланды және жасөспірімдер мен қыздардың кез келген қоғамдық маңызы бар бастамалары тек құпталатындығын айтты.