Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қазақстан Республикасы қаржы вице-министрінің Екібастұзға сапары

2013 жылдың 3 қазанында Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі А. М. Теңгебаев екікүндік жұмыс сапарымен Екібастұзға келді.

Республикалық ақпараттық-насихаттық топтың өкілі – Ардақ Теңгебаев қалалық әкімдіктің мәжіліс залында қала активімен, ардагерлермен, жалпы, жұртшылықпен Қазақстан Республикасы Президентінің  «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты»  атты Жолдауының жүзеге асырылуы мәселесі жөнінде кездесу өткізді.

Кездесуді қала әкімі Александр Вербняк ашып, жүргізіп отырды.

4 қазанда қаланың салық комитетінің жұмыскерлерімен және МАЭС-2 еңбек ұжымымен дәл осындай кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Ардақ Мырзабайұлы 2050–Стратегиясының барлық бағыттарында жете тоқталып өтті.

Сондай-ақ, қаржы вице-министрі музыкалық метепте және «Богатырь Көмір» ЖШС-нде болды.