Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының және ауылдық округтер, кенттер мен ауылдар әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс

Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға ішкі конкурсын өткізу туралы хабарландыру

 

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырындағы № 98 бұйрығымен өзгерістерін ескере отырып).

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары    

E-R-1 санаты үшін: жоғары білім;

            Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

            1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

            2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

            3) B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

            4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

            5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;**

            6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

            7) ғылыми дәрежесінің болуы.**

E-R-3 санаты үшін: жоғары білім;

            мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

            жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

            1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

            2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

            3) C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

            4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

            5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;**

            6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

            7) ғылыми дәрежесінің бар болуы.**  

* Ескерту: осы талаптарға аймақтық жұмыс тәжірибесі белгіленуі мүмкін.

** Ескерту: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

*** Ескерту: осы талап сот жүйесі лауазымдарына ғана қойылады.

****Ескерту: егер осы лауазым мемлекеттік органның штат кестесінде төмендетілген болып табылатын болса, онда жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар қойылмайды.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы:

Санаты

Еңбек сіңіргеніне байланысты жылдары

 

min

mах

E-R-1

142412,36

192381,61

E-R-3

96607,22

129920,05

«Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ, 141200, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45-үй, анықтама телефондары/факс: 340856, электрондық мекенжайы: sup.ae@pavlodar.gov.kz,  Екібастұз қаласы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының және ауылдық округтері, кенттері мен ауылдары әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің арасында «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды

1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы, Е-R-1 санаты, индекс №02-04-01, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Бірыңғай мемлекеттік аграрлық саясатты жүзеге асыру;  ауыл шаруашылығын дамытудың аймақтық саясатын әзірлеу, агроөнеркәсіп кешені саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік актілердің орындалуына мониторинг және сараптама жүргізуді қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы жағдай тудыру шараларын дайындау, ауыл шаруашылығы салаларына жетекшілік ету бойынша мониторинг  жүргізу және болжау жүйесін ұйымдастыру,  оларды іске асыру шараларын дайындау, бөлімнің қызметін басқару және үйлестіру, ауыл шаруашылығы бөлімі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттілігін белгілеу; бөлімнің барлық қызметкерлеріне міндетті бұйрық шығару және тапсырма беру; ауыл шаруашылығы бөлімін барлық мемелекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға ұсыну; осы функционалдық міндеттерге сәйкес жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау, өз құзыры шегіне жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру, ауыл шаруашылығы саласының барлық мәселелері бойынша кеңес беру.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында: мемлекеттік және жергілікті басқару; ауыл шаруашылығы ғылымдары саласында: агрономия, мал шаруашылығы өнімін өндіру технологиясы, аграрлық техника және технология, өсімдіктерді қорғау және карантин, зоотехния;  техникалық ғылым және технологиялар саласында: өнеркәсіптік жылу энергетикасы, азық-түлік технологиясы, биотехнология).

2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі»  ММ мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру  секторының меңгерушісі, Е-R-3 санаты, индексі №02-06-01-2, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Білім  саласындағы мемлекеттік, облыстық, қалалық  бағдарламаларды жүзеге асыруда ықпал етеді.Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру секторының  жұмысына жалпы бақылау жасайды. Өз құзыреттілігіне сәйкес жоғары тұрған ұйымдардың, қала әкімінің шешімдерін орындау бойынша бақылауды қамтамасыз етеді. Жалпыға міндетті оқу мәселелері бойынша жоғары тұрған органдарға  талдау материалдарын дайындау, статистикалық есеп, есеп жүргізу және құжаттар дайындауды іске асырады. Қала және ауыл мектептерінде оқушылар  құрамының есебін жүргізеді. Мониторингті іске асырады.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары  (білім беру саласында; құқық саласында; әлеуметтік ғылымдар, экономика және  бизнес саласында).

3. «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ жұмыспен қамту   секторының меңгерушісі, санаты E-R-3, индексі №02-05-04, 1 бірлік (уақытша лауазым, бала күту бойынша демалыс кезеңіне).

               Функционалдық міндеттері: Жұмыспен қамту секторының жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлау. Қала тұрғындарын жұмыспен қамту жөніндегі іс-шараларды іске асыру мәселелері жөнінде нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және олардың іске асырылуын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру.Бекітілген стандарттарға сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауды ұйымдастыру және жүргізу. Жұмыссыз тұрғындарды жұмыспен қамтудың белсенді формаларымен қамтуға жіберілген іс-шараларды іске асыру үшін арналған  қаражаттардың жыл сайынғы қажеттілігін анықтау. Сектордың бюджеттік бағдарламалары бойынша қаражаттар игерілуінің ай сайынғы мониторингі.  Белгіленген іс-шараларды іске асыру талдауы, мониторингі, олардың орындалуы бойынша ақпарат дайындау. Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбекақыларын  төлеуге ведомстволардың уақытында және сапалы құруына бақылау. Экономика саласындағы кешенде тұрақты және уақытша жұмыс орындарын құрудың болжамыды, жұмыспен қамту бойынша кешенді іс-шаралар жоспарын, қаланың жұмыспен қамту картасын әзірлеу  және олардың орындалуына мониторинг. Кәсіпорындардан қызметкерлердің босатылуы туралы мәліметтерді қалыптастыру. Әлеуметтік серіктестік бойынша үш жақты келісім бойынша комиссия хатшысының міндетін атқару, Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына аталған комиссияның жұмысы туралы ақпарат ұсыну. Жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерімен жұмыс жасау. Сектордың құзырына қатысты мәселелер жөнінде тұрғындардың арасында түсіндірме жұмыстарын өткізу. Сектордың құзырына қатысты мәселелер жөнінде жоғары тұрған органдарға және түрлі мекемелерге, БАҚ-қа, жиалыстарға ақпарат дайындау. Өз құзыры шегінде жүктелген міндеттерді орындау үшін  кәсіпорындармен, ұйымдармен, әкімдіктің мемлекеттік мекемелерімен, Бөлімнің басқа секторлар мамандарымен және ведомствоға қарасты мекемелердің қызметкерлерімен  өзара жұмыс жасау.Кадрларға қажеттіліктерді анықтау, жұмыспен қамтудың белсенді шараларын ұйымдастыру. Жеке тұлғалардың өтініштерін «Еңбек нарығы» ААЖ уақытында енгізу.Мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында жұмыспен қамту бойынша іс-шараларды іске асыру үшін жұмысты және бақылауды ұйымдастыру. Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының қатысушыларымен жұмыспен қамту орталығы атынан әлеуметтік келісімшарт талаптарын орындауға бақылауды ұйымдастыру. «Түлек» базасының құрылымына бақылауды қамтамасыз ету және түлектердің  жұмысқа тұруының мониторингі. Сектор мамандарымен тоқсан сайынғы және ай сайынғы мемлекеттік статистикалық есептерді дайындауға,  жаңа жұмыс орындарын құру, босатылу мониторингі бойынша тоқсан сайынғы және ай сайынғы мемлекеттік статистикалық есептерді Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына тапсыруды бақылау. Өз құзыры шегінде жұмыс барысында пайда болған бұзушылықтарды жою бойынша жедел шара қабылдау. Бөлім басшысының тапсырмаларын орындау.

               Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білімі (білім саласында; құқық саласында; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында; қызмет көрсету саласында).

4. «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ бухгалтерлік-есеп секторының меңгерушісі, санаты E-R-3, индексі №02-05-08, 1 бірлік.

               Функционалдық міндеттері: Сектор жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау, сектор қызметкерлері арасында міндеттерді бөлу. Бөлімнің бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы Екібастұз қаласы әкімдігінің қаулы жобаларын әзірлеу. Бағдарламалар бойынша (кіші бағдарламалар) шығындардың құрылымын құрастыру, шығындардың дұрыс жоспарлануына бақылау жүргізу, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын дайындау. Міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке жоспарды жоспарлау және құрастыру бойынша бақылауды іске асыру, міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке жоспарларды өзгертуге  тапсырыстар мен анықтамаларды дайындау. Бухгалтерлік есептің белгіленген мерзімінде барлық іске асырылатын шаруашылық операцияларының есебін көрсету және бақылау, бухгалтерлік есептің белгіленген мерзімінде құрастыру. Жоғары тұрған органдардың және мекемелердің сұранымы бойынша ақпарат дайындау. Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) мемлекеттік сатып алуды өткізуге, мемлекеттік сатып алулар бойынша есептер дайындауға, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шарттардың тізілімін жүргізуге бақылау. Бюджеттік бағдарламалар кенішінде бюджеттік тапсырыстарға есептер құрастыру. Бюджеттік бағдарламалар кенішінде бюджеттік қаражаттың игерілуіне ай сайын мониторинг жүргізу. Құжаттардың уақытында және дұрыс ресімделуіне және сұралған операциялардың заңдылығына, сондай-ақ ашылған лимиттерге сәйкес қаражаттардың шығындалуына және бекітілген жеке қаржыландыру жоспары бойынша олардың нысаналы пайдалануына бақылау жүргізу. Ашық лиимиттерді ведомствоға қарасты мекемелерге уақытында жеткізу. «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, қалалық статистика бөліміне, Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына бухгалтерлік, статистикалық есептердің уақытында тапсырылуын бақылау. Тауарларды – материалдық құндылықтардың және активтердің уақытында түгенделуін ұйымдастыру. Жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерімен жұмыс жасау. Бөлім басшысының, бөлім басшысы орынбасарының тапсырмаларын орындау.Өз құзыры шегінде қолданыстағы заңнамамен жүктелген басқа да қызметтерді іске асыру.

               Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білімі (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында).

Құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде ұсынылуы тиіс.

Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасында ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшағасәйкес нысандағы өтініш;

2) құжаттарды ұсынғанға дейін кемінде отыз күнтізбелік күн ішінде тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде жүргізіледі.  Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi әкеліп берген немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамассыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар қатыстырылуына жол беріледі.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жарияланған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірбиесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң үш жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.

Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

            Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына  
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан 
__________________________
(мемлекеттік орган)   

Өтініш

Мені_________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________

 бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуконкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшіліклауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

      Мекен жайы және байланыс телефоны________________________________________
____________________________________________________________________________

____________                                                                         _____________________________

    қолы                                                                                        (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

 «___» ________________ 20__ж.