Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Екібастұз қаласы әкімдігінде үлкен жиын өтіп, оған мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Шаһар басшысы Нұржан Әшімбетов шараның маңыздылығына тоқталды.

Жиында мемлекеттік-құқық бөлімінің басшысы Ерлан Ақылтаев қала әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдарының құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысы туралы баяндама жасады.

Сондай-ақ, жиынға қатысқан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің өкілі Назымбек Бекжанов жиналғандар назарына  медицина мекемелерінен арнайы түсірілген бейнематериалды ұсынды.

Жән де облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан саясаттың негізгі қағидаттары мен оны жүзеге асыру барысы туралы әңгімелеп берді. Өз сөзінде ол сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған механизмдерге кеңінен тоқталды.

Олардыңішіндежемқорлыққақарсы мониторинг, ағарту шаралары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар. Осы орайда, қала әкімі Нұржан Кемерұлы мемлекеттікқызметшілергесыйға тартылған сыйлықты мемлекет қорына тапсырудың тәртібіне тоқталып, болған оқиғаны сөз етті.

Алқалы басқосуда арнайы мониторинг тобының жұмысы туралы Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің аранйы мониторинг тобының мүшесі Еркеғали Жанғазы Екібастұз қаласындағы жол белгілеріне жергілікті полиция қызметі баса назар аударуы керектігін жеткізді.