Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала көшелерінде екі «шаңсорғыш» пайда болды

«Екібастұзкоммунсервис» және «Диас-Дар» ЖШС-тері екі сыпыру-тазарту машинасын сатып алыпты. Бұл түрік фирмаларының техникасы қала тұрғындарына тансық. Бұлардан Қытай машиналары он есе арзан тұрады екен. Алайда, қос мекеменің басшылары бағаға емес, сапаға көңіл бөліп отыр. Керемет машиналардың сыпыру жылдамдығына келсек, жинау алаңы 36 мың шаршы метрді құрайтын болса, бір сағатта 15 километрге дейін тазартады. Тұтастай сыпырғыш-сорғыш құрылғысынан басқа, бұл агрегаттар бүйірінде қозғалатын ұзын тұтқалы щеткамен жарақталған. Щёткаларының диаметрі – 500 миллиметр. Бұл жол жиектеріне жақындамастан, олардың маңындағы қоқыстар мен түскен жапырақтарды жинауға мүмкіндік береді. Қажет болған жағдайда машиналар көшелерге ылғалды тазарту жұмыстарын да жасай алады. Оның жиынтығында сыйымдылығы 600 литр болатын арнайы су құятын бак бар екен.

«Диас-Дар» ЖШС-нің директоры Қанат Тұрлыбеков: - Мен Түрік серіктесінен нақты пайдалану мерзімін сұрағанда, ол бұл техника мәңгілік екенін айтты. Ең бастысы – енді Екібастұз көшелерін шаң бағандарынсыз ретке келтіруге болады. Біздің қала үшін бұл өте өзекті. Көктемде біздің шаңсорғышты тазалауға шығарамыз. Қала тұрғындары жаңа техниканы бағалайды деп үміттенемін, – дейді.