Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Сертификаттар табыс етті

Өткен аптада «Қайнар» орталығында Екібастұз қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов  «Бастау — Бизнес» жобасы бойынша оқу курсын аяқтап, бизнес-жобаларын сәтті қорғаған  тыңдаушыларға  сертификаттар табыстады. Кәсіпкерлерге экономиканы дамытуға қосып отырған үлесі үшін алғыс айтып, табыс тіледі.

Жалпы, Екібастұз қаласы мен ауылдық аймақтарының тұрғындары үшін «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасының» аясында «Баста-Бизнес» жобасы іске асырыла бастаған-ды.  Бұл – кәсіп ашқысы келетіндерге зор мүмкіндік. Жоба бойынша оқимын деушілерден алдымен өтінім қабылданады. «Бастау — Бизнес» бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік дағдыларға, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін қалыптастыру принциптеріне үйретуге, сондай-ақ олардың бизнес-жобаларын сүйемелдеуге бағытталған. «Бастау — Бизнес» бойынша жұмыссыздар және кәсіпкерлер оқи алады. Отыз күндік оқу тегін. Курсты тәмамдағаны туралы сертификат алған жоба қатысушылары біржолғы шәкіртақымен қамтамасыз етіледі.