Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Нұр Отан» партиясы жаңа мүшелермен толықты

Бүгінгі күні Екібастұз  қаласы бойынша «Нұр Отан» партиясының қатарында 14000-ға жуық мүше бар. Мереке күні қарсаңында тағы да қатарлары бірнеше партия мүшелерімен толықты. Партияның жаңа мүшелерінің қатарында кәсіпкерлер, медицина және білім саласының қызметкерлері бар.

 «Нұр Отан» партиясы Екібастұз қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Нұржан Әшімбетов партияның жаңа мүшелеріне партия билет терін салтанатты түрде табыс етті.

– Біздің басты міндетіміз - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қала тұрғындарына барлық жақсы жағдайларды жасау. Барлық өзекті мәселелер Елбасының жіті бақылауында. Биылғы жылдың қазан айында Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында халыққа нақты көмек көрсету жолындағы негізгі міндеттерді қадап айтқан болатын. 1-ші қаңтардан бастап электр жарығының құнын төмендету, ең төменгі жалақыны 1,5 есеге өсіру жұмыстарын жоспарлап отырмыз. «Нұр Отан» партиясы мүшелері қатарының тұрақты өсуіне және олардың сапалық құрамына барынша үлкен назар аударылуы көңіл қуантады. Барша қазақстандық Елбасының мемлекеттік саясатын белсенді түрде жүзеге асыруға азаматтық позиция танытуы керек», - деп атап өтті Нұржан Кемерұлы.

Сондай-ақ, жиында қала басшысы партияның белсенді мүшелерін Алғыс хатпен марапаттады. «Нұр Отан» партиясы Екібастұз қалалық филиалының ең алғашқы жетекшісі Қайрат Смағұловтың айтуынша, партия – саяси күш, үкіметтік емес ұйым, билік пен халық арасындағы дәнекер. Партияның бұрынғы және жаңа мүшелерінің мақсаты – қалалықтардың өзекті мәселелерін білу, түрлі партиялық механизмдер арқылы оларды ойдағыдай шешу, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын, бюджет қаржысының тиімді жұмсалуын қадағалау, халықтың өмір сүру деңгейін көтеру.