Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұзда спорттың әр түрі бойынша қысқы маусым басталды

2 желтоқсанда Екібастұзда қысқы маусымның ресми ашылуы өтті. Қалада 10 мұз айдыны салынбақшы, бүгінгі күні 6 мұз айдыны іске қосылды.

Әсем безендірілген және түнгі жарық беретін ашық мұз айдыны Жаңа жыл алдындағы атмосфераны жасайды. Онда қызықты фотосуреттерге түсіп,  достарыңызбен жиналуға, отбасымен демалуға және көңіл көтеруге болады. Мұз айдынының жанындағы алаңдарда конькилерді жалға беру аймақтары мен бәліштері бар ыстық шай қарастырылған. «Шахтер» саябағында және Шешембеков, 1 үйінің ауласында конькиді жалға алуға болады. Конькиді жалға беру құны 400 теңгеден аспайды.

Бұдан басқа, «Өнер» ҚМО алаңында және «Сити Молл» СОО жанында мұз төбешіктері салынды. Қалада қысқы мерзімде 4 мұз қалашығы орнатылады.

Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметі