Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Шиқылдақта реконструкциядан кейін су құбыры пайдалануға берілді

30 қарашада Тұңғыш Президент күніне орай Шиқылдақ ауылында  су құбырының салтанатты ашылуы болды.

Жыл сайын, айдан-айға дейін республика билігі халықтың өмірін жақсартуға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асырады. Ал, су құбыры –  негізгі фактор болып табылады.

Қала әкімі Нұржан Әшімбетов ауыл тұрғындарын көптен күткен маңызды оқиғамен құттықтауға арнайы келді.

Су құбырын рекострукциялау «2020 жылға дейін аймақтардың дамуы» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауылдық жерлерде сумен жабдықтау және санитарлық-эпидемиологиялық жүйені дамыту бойынша жүргізілді.

Су құбырының құны – 215,8 млн. теңгені құрады. Жұмыстарды мердігер «Гидропром» ЖШС жасады. Құбырдың жалпы ұзындығы – 10,2 шаршы метр.

Ауыз сумен үзіліссіз қамтамасыз ету үшін су мұнарасы қойылып, сорғы станциясының резервтік қоректендіруін қамтамасыз етеді. Аумағы қоршалған, ұңғымалар радиобасқарумен бақыланады.

Ауылдың 70-тен астам абоненті таза ауыз суды пайдалануға мүмкіндік алды.

Салтанатты шараға келген қонақтар жергілікті тұрғындарға үйге шақырылды, онда сумен қамтамасыз ету жүйесі үйге қойылды.