Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Пәтер кілттері тапсырылды

Солнечный кентіндегі 40 отбасы мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында пәтер кілттерін алып, қоныстанды.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес бес қабатты тұрғын үйге қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жетім, халықтың осал топтары және бюджеттік ұйым қызметкерлері иеленген пәтерлердің кілттерін Екібастұз қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов табыстады.

Биылғы жылы Екібастұзда 24,1 шаршы етр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артық. Құрылыс нысандарын салу және қайта жөндеу жұмыстары аймақта жалғасуда. Бүгінгі күні Солнечный кентінде 420 оқушыға арналған қазақ мектебі салынуда.

Тұрғын үйді қайта жаңарту 2018 жылыдң шілде айында басталып, қараша айында аяқталды. Мердігерлік компания – «Қаз ЭвроСтрой» ЖШС-і, қаржы құны – 125,8 млн. теңге.