Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында №26 мектебінде «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі Нұржан Әшімбетов қатысып, оқушыларға сәттілік тіледі.

Білім беру мекемесінде арнайы кабинетті жабдықтауға қаражат қалалық тамыз конференциясында оқу мен тәрбиедегі жоғары жетістіктері үшін берілген грант есебінен жүргізілді. Тамыз конференциясының гранты бес мектепке берілген-ді. Әр мектепке бөлінген қаржы құны – 2 млн. теңге.

Кабинет заманауи технологиялармен жабдықталған. Дөңгелек үстел өткізіліп, онда мектеп оқушылары өз жетістіктерімен бөлісті. Жобаларын өлеңдерін, макеттерінің таныстырылымын жасады. Білім көкжиегіндегі жетістіктері үшін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа алғыстарын білдірді.