Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Пресс-релиз

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы азаматтар Қазақстандағы 741 мемлекеттік қызметтің 598-ін ала алады. 454 мемлекеттік қызмет электрондық үкімет порталы арқылы онлайн режимінде қолжетімді.

Ағымдағы жылдың 10 айында мемлекеттік корпорация арқылы 28,5 млн. жуық қызмет көрсетілді,оның ішінде 10 млн. астам қызметті азаматтар ХҚКО-да өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында алған.

            Ағымдағы жылы Азаматтарға арналған үкімет республика бойынша 4 цифрлық ХҚКО (Астана, Алматы, Шымкент және Қостанай) ашты.

Проактивті қызметтер

Осы жылдың 10 айында жаңа туған сәбиін перзентханадан шықпай-ақ, проактивті түрде тіркеу туралы СМС-ұсынысқа 100 мыңнан астам әйел жауап берді. Оның 60 мыңға жуығы балаларына туу туралы куәлікті рәсімдесе, 18 мыңдай сәби балабақша кезегіне қойылды. 11 мыңнан астам жас ана әлеуметтік жәрдемақыларды осындай СМС арқылы рәсімдеген.

Қазір бала туу бойынша проактивті қызметтерді телеграм-бот арқылы да алуға болады. Бүгінгі таңда 3 мыңнан астам балаға осы телеграм-бот арқылы туу туралы куәлік рәсімделіп, мыңжарымдай сәби балабақша кезегіне қойылып, бес жүздей ана жәрдемақыларын рәсімдеген.

Автокөлік иелеріне арналған онлайн қызметтер. Биыл шілде айында автокөліктерді онлайн тіркеу қызметі іске қосылды. Содан бері электрондық портал арқылы екі жарым мың көлік тіркелді. Яғни азаматтар орталықтарға келмей-ақ, уақыттарын үнемдеп, қызметті онлайн түрде алды. Сондай-ақ, электрондық портал арқылы жүргізуші куәлігін ауыстыруға да болады. Биылғы жылдың басынан бері бұл онлайн қызметті 10 мыңнан астам қазақстандық пайдаланған.