Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс

Барлық мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметшілері арасында

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға

ішкі конкурсын өткізу туралы хабарландыру

 

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырындағы № 98 бұйрығымен өзгерістерін ескере отырып).

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары    

E-R-2 санаты үшін: жоғары білім;

            мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

            жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

            1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

            2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

            3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

            4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

            5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;**

            6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

            7) ғылыми дәрежесінің болуы.**

* Ескерту: осы талаптарға аймақтық жұмыс тәжірибесі белгіленуі мүмкін.

** Ескерту: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

*** Ескерту: осы талап сот жүйесі лауазымдарына ғана қойылады.

****Ескерту: егер осы лауазым мемлекеттік органның штат кестесінде төмендетілген болып табылатын болса, онда жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар қойылмайды.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы:

Санаты

Еңбек сіңіргеніне байланысты жылдары

 

min

mах

E-R-2

127421,58

172393,91

«Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ, 141200, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45-үй, анықтама телефондары/факс: 340856, электрондық мекенжайы: sup.ae@pavlodar.gov.kz,  барлық мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметшілерінің арасында «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» ММ  басшысының орынбасары, E-R-2  санаты, индекс №02-12-01-1, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Екібастұз қаласының аумағы мен ауылдық  аймағындағы құрылысты, қайта жарақтауды ұйымдастыру, мониторинг жүргізу, үйлестіру мәселесінде мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру. Жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу және жобаларды сараптамадан өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру. Барлық деңгейдегі бюджет есебінен қаржыландырылатын нысандардың құрылысы және қайта жарақтау сапасын бақылауды қаматамасыз ету. Нысандардың құрылысына және қайта жарақтауына бюджеттерінің барлық деңгейлерінен бөлінген қаражатты толығымен игерілуін қамтамасыз ету. Жұмыс, қызмет және тауар бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсын ұйымдастыру, қатысу және қарастыру. Нысандардағы атқарылған жұмыс актілерінің жобалық-сметалық құжаттамаға, сонымен қатар нысандағы нақты атқарылған жұмыстарға сәйкестігін салыстырып тексеру. Жетекшілік ететін жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын, қаулыларын және шешімдерін орындау туралы ақпараттар, есептер, анықтамалар дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу, өтініштердің орындалуын бақылау, өтініштерді орнына барып қарастыру. Құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік және меншік мүдделерін қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау аумақтық бөлімшемен, жергілікті атқарушы ұйымдарымен өзара әрекет ету. Нысанды пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру және қабылдау. Бөлім жұмысың ұйымдастыру, оны басқару, бөлімге берілген міңдеттерді орындауы және өз міңдеттерінің жүзеге асырылуы үшін жеке жауапкер болу. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі туралы» Заңда және басқа да  нормативтік-құқықтық актілермен қарастырылған өзге қызметтерді орындау.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білімі (техникалық ғылым және технологиялар саласында: құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, гидротехникалық құрылыс және салу, стандарттау, сертификаттау және метрология; өнер саласында: сәулет; әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес саласында: мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару).

2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ басшысының орынбасары, E-R-2  санаты, индекс №02-06-01-1, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Білім беру саласында мемлекеттік, облыстық, қалалық бағдарламаларды жүзеге асыруда ықпал етеді. Білім мекемелерінде оқу жоспарын орындау бойынша бақылау жасайды және білім жетістіктерін сырттай бағалауға (БЖСБ), ҰБТ-ға дайындау, емтихандарды өткізу жұмыстарын үйлестіреді. Білім мекемелері басшыларының мектепішілік бақылауды жүзеге асырудағы қызметіне бақылау жасайды. Бөлімнің  жалпы орта білім беру қызметіне және оқу-тәрбие үрдісіне басшылық жасау бойынша жалпы басшылық жасайды. Мектептердің жоспарлы аттестацияға дайындығына, аттестация қорытындысы бойынша тексеруге жауапты болады. Жоғары тұрған органдарға  құжаттар дайындау кезінде бақылауды жүзеге асырады. Білім беру мекемелері басшыларымен алқа отырыстарын  және жиналыстарды ұйымдастырады. Өз өкілеттігіне  сәйкес жоғары тұрған ұйымдардың бұйрықтарын, қала әкімі шешімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Тамыз конференциясын дайындайды және  өткізеді. Бөлім жұмысын талдау, жоспарлау бойынша жұмысты ұйымдастырады. Азаматтарды қабылдайды. Бөлімнің Ережесімен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзіне жүктелген басқа да функцияларды атқарады.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білімі (білім саласында; құқық саласында; әлеуметтік ғылымдар, экономика және  бизнес саласында; гуманитарлық ғылымдар саласында).

Құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде ұсынылуы тиіс.

Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасында ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшағасәйкес нысандағы өтініш;

2) құжаттарды ұсынғанға дейін кемінде отыз күнтізбелік күн ішінде тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде жүргізіледі.  Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi әкеліп берген немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамассыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар қатыстырылуына жол беріледі.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жарияланған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірбиесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң үш жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.

Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

            Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына  
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан 
__________________________
(мемлекеттік орган)   

Өтініш

Мені__________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________

 бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуконкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшіліклауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

______________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________

      Мекен жайы және байланыс телефоны_________________________________________
______________________________________________________________________________________

____________                                                                         _____________________________

    қолы                                                                                         (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

 «___» ________________ 20__ж.