Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Ауылшаруашылық күні аталып өтті

16 қараша күні «Өнер» ҚМҮ-де ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды. Салтанатты шараға ауыл шаруашылығыи ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері, еңбек озаттары, алдыңғы қатарлы еңбек қызметкерлері қатысты. Мәдениет үйінің холлында көрме ұйымдастырылды.

Екібастұз қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов ауыл шаруашылық еңбеккерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, үздік қызметкерлерді марапаттады, сондай-ақ, агроөнеркәсіп саласының ардагерлерін құттықтады.

Іс-шара қазақ эстрадасының әншісі Алтынай Жорабаеваның қатысумен өткен концерттік бағдарламамен жалғасты.