Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Каратэ-додан ашық біріншілік

18 қараша күні «Жасыбай» спорт мектебінде каратэ-додасынан  Екібастұз қаласының ашық біріншілігі өткізілді. Шараның ашылуына қала әкімі Нұржан Әшімбетов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Облысымыздың қалалары мен аудандарынан келген жас спортшылар сайдың тасындай іріктелген. Байрақты бәсекені ұйымдастырушылар әр ауданның намысын арқалап келгендерге сәттілік тілеп, қалалық біріншілікті салтанатты түрде ашып берді.

Каратэ – қарсыласының осал тұсына қолмен және аяқпен соққы беруге бағытталған спорт түрі. Сондықтан, мұнда шапшаңдық пен ептілік аса қажет. Жекпе-жекке шыққандардың қимылынан жасөспірімдердің жарысқа асқан дайындықпен келгені көрініп тұрды. Аталмыш жарысқа облысымыздың әр жерінен келген 500-ге жуық спортшының ең кішкентайы 4 жаста болса, үлкендері 16 жаста.