Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Құрметті қаржы саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді, Ұлттық валюта ­– теңгенің 25 жылдық мерейтойымен және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

1993 жылдың 15 қарашасында Қазақстан валютасы – теңге алғаш рет айналымға енгізілді. Дәл осы күн Қазақстан Ұлттық валютасының ресми күні болып белгіленді.

Тәуелсіздік жылдарында Екібастұз қаласының қаржы және банк жүйелері жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Бұл жеткен жетістіктерде шаһарымыздағы қаржы мекемелерінің жоғары білікті және тәжірибелі қызметкерлерінің де үлесі бар деп білеміз. Және де олардың алдағы уақытта да аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлестерін қосады деген сенімдеміз.

Шын ниетпен Сіздерге қойылған мақсаттарға табыспен жетулеріңізге тілектеспін, зор денсаулық, бақыт пен аманшылық тілеймін!

Н.Әшімбетов,

Екібастұз қаласының әкімі