Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



ЭҚФ «Нұр Отан» партиясындағы дөңгелек үстел

2018 жылдың 9 қарашасында ЭҚФ «Нұр Отан» партиясының консультанты А.И.Рахимжанова жеке құрамға 2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауының негізгі қағидаларын түсіндірді.

            А.И. Рахимжанова жолдауда айтылған 10 міңдетке нақты тоқталды олар:  Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс, Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту ,«Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі, Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу, Қаржы секторын «қайта жаңғырту», Адами капитал – жаңғыру негізі. Тиімді мемлекеттік басқару. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі, «Ақылды қалалар», «ақылды ұлт» үшін. Жолдаудағы басты мақсат – ол төртінші өнеркәсіптік революция жаңа әлемінде   бейімделу мен жетістікке жету. Ал алдағы мақсаттарға жету жолында 10 міндет бар барлығы бағдарланған қажетті құжаттар олар: «Қазақстан-2050» даму стратегиясы», «100 нақты қадам – Ұлт жоспары»,  «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы», «Индустрияландыру бағдарламасы», «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы, «Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының кешенді стратегиялық жоспары».

 Қазақстан жаңа әлемнің көшбасшы қатарында болу үшін өмір саласын цифрландыру және заманауи технологияларды енгізу керек екендігін атап өтті Рахимжанова А.И., сондай-ақ өзінің көзқарасы бойынша елдің стратегиялық жоспарының жүзеге асырыуына қызметтің атқарылуына назар аудару деді.

Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары жоғары заңға және жемқорлыққа қарсы күрес міндеттеріне тоқталып өтті. Ағымдағы жылдың 9 ай ішінде гарнизонның жеке құрамымен барлығы тәрбиелік мәні бар ауқымды жұмыстар өткізілді. Барлығы тәртіп заңдылығы бойынша 62 іс-шара өтті Оның ішінде 4 шара (3 дөңгелек үстел және 1 қалалық филиал Нұр-Отан партиясында), гарнизонның жеке құрамымен 21 кездесу (ТЖ басқармасының бастығымен 6 жұмыс жиыны және 7 шолу жеткізілді) және жемқорлық тақырыбы бойынша 14 мақала жарық көрді. Басшылар телеарнаға 10 рет, радиоэфирге 7 рет шықты. Кәсіби, қызметтік және дене шынықтыру дайындығы бойынша 8 сабақ өткізілді.

Сөз соңында Рахимжанова А.И. Елбасының жолдауын жүзеге асыру  жауапкершілікті Үкіметке қалай артса, барлық азаматтарға, соның ішінде әрбірөрт қызметшілері мен құтқарушыларға да сондай жаупкершілікті жүктеді – бұл дегенің қызметтік міндеттердің орындалуы елдің индустрияландыру жағдайына дайындығы деді.

 

Д. Байсанбаев,

Екібастұз қаласы

 ТЖ басқармасы бастығының орынбасары