Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Барлығы сіздің қолыңызда - медициналық көмек көрсету кезінде сепсистің алдын алу»

Әр түрлі бейіндегі медициналық ұйымдарда медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың кең таралуы, континенттің әр түрлі елдеріндегі халықтың денсаулығына, экономикаға және демографиялық жағдайға елеулі залал келтіру олардың алдын алудың қазіргі кезеңдегі өзектілігін анықтайды. Олардың бірі-сепсис-жұқпалы үдерістің өмірге қауіпті асқынуы, ол инфекция ағзаның қалыпты қорғаныш реакцияларының бұзылуына әкеліп, тіндер мен ағзалардың зақымдануына әкеп соқтырады.

Кез келген аурумен, әсіресе жұқпалы аурумен күресу осы ауруды жеңудің кепілі болып табылатыны белгілі. Бірінші қадамға сепсисті жеңуге инфекциялардың пайда болуын алдын алуға арналған шараларды қолдануға болады.  Екінші – инфекциялық процестің септикалық түріне алмасуын болдырмау. Ол үшін сепсистің белгілері мен симптомдарын ерте анықтауды және амбулаториялық және стационарлық жағдайларда тиісті антибиотикотерапия жүргізуді қамтамасыз ету қажет.

Медициналық мекемелерде сепсистің себебі медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялар болуы мүмкін. Бұл денсаулық сақтау қызметкерлерінің ҚИК-ның тиісті шараларын, оның ішінде қол гигиенасының тиімді ережелерін сақтауының маңыздылығын одан әрі баса көрсетеді. Қолды дұрыс жуу инфекциялардың туындауын болдырмайды және өз кезегінде денсаулық сақтау мекемелерінде сепсистің даму қаупін төмендетеді.

Қазақстан Республикасы медициналық ұйымдары қызметкерлерінің қолдарын өңдеу ережелері ҚР ДСМ Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Төрағасының 23.04.2013 ж. № 111 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары қызметкерлерінің қолдарын өңдеу бойынша әдістемелік ұсынымдарда» және ҚР ДСМ Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Төрағасының 2013 жылғы 23.04 .№ 111 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР ДСМ Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің 2014 жылғы 22.01 №8 бұйрығында сипатталған.

Медициналық көмек көрсету кезінде қол тазалығы ережелерін сақтай отырып, медициналық персонал өз ұйымында сепсистің төмендеуі мен алдын алуда үлкен үлес қосады.

 

 

Екібастұз қалалық қоғамдық

денсаулық сақтау басқармасының

бас маманы Б.У. Абдрахман