Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала басшысы ең ұзақ жасаған адамды құттықтады

2013 жылдың 1 қазанында Екібастұз қаласының әкімі Александр Вербняк ұзақ жасаған Жүнісова Манышты Халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

Қала басшысы Маныш апаға денсаулық, қуаныш, жақын адамдардың жылуы мен махаббатын тілеп, естелік сыйлықтарды тапсырды.

Қала әкімі атынан Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Марданова ұзақ жасаған үш әжеге: 113 жасқа келген Жүсіпова Жаңылға, 101 жасар   Виниченко Ольгаға және 100 жылдық мерейтойын атап өткен Мұстафина Сәлимаға  арнайы құттықтауды табыс етті.