Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Косылбаева Гульназ Ерсеновна: Жылу жоқ

Сәлеметсіздерме. Біз Әуезова 21/1 ,2 подъездің тұрғындарымыз. 28 қыркүйекте жылуды қосты,бірақ 1 қабаттан 9 қабатқа дейін жылу барлық бөлмеде жоқ. Сондықтан үйіміз әлі суық. КСК "темп-сервис"басшысы ешқандай шара қолданып отырған жоқ. Шара қолдануыңызды сұраймыз. Рахмет.

Құрметті Гульназ Ерсеновна! Екібастұз қаласы әкімінің сайтына, жылумен жабдықтаудың жоқтығына қатысты келіп түскен Сіздің өтінішке, келесіні хабарлаймын.

Аталмыш өтінішті «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ маманы және «Темп-Сервис» ҮИК кондоминиум объектісін басқару органымен бірлесе орынға барып қарады.

Тексеру нәтижесінде, жылу торабындағы параметрлердің Р1/Р2=6,5/6,3 кгс/см, Т1/Т2=55/42 градусты, Р1/Р2=6,4/6,2 кгс/см, Т1/Т2=52/40 градусты құрайтыны анықталды.

Бүгінгі таңда жылумен жабдықтау толық көлемде бар.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы негізінде Сіз қабылданған шешімге шағымдануға құқылысыз.