Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Латын қарпіне көшу - қазіргі заман талабы» семинар-тренингі

Латын алфавиті әлемде ең кең таралған. Сондықтан латын қарпіне көшу қазіргі заманғы қазақ тілін бәсекеге қабілетті етеді, оның дамуы мен танымалдығына жаңа серпін береді.

Басқарма басшысы Қанатбек Тоқатовтың бастамасы бойынша Екібастұз қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік қызметшілерді латын графикасына негізделген әліпбиге оқытуға кірісті. Осылайша, ұйымдастыру-құқықтық жұмыс және мониторинг бөлімінің бас маманы басқарманың мемлекеттік қызметшілері арасында «Латын қарпіне көшу - қазіргі заман талабы» атты семинар – тренинг өткізді.  

Семинар-тренингте мамандар латын графикасына негізделген соңғы бекітілген әліпбимен танысып, өз пікірлерін білдірді. Сонымен қатар, семинарда жаңа әліпбиде жоқ әріптерді жазу сәттері талқыланды. Семинар-тренингке қатысушылар қазақ әліпбиін кириллицадан латын әліпбиіне көшіру идеясын қолдады. Олар қазақтың төл дыбыстарының беру тәсілдері туралы сұрақтар қойды. 

Соңында ұйымдастыру-құқықтық жұмыс және мониторинг бөлімінің маманы семинарға қатысушылардың өзін-өзі бақылау үшін диктант өткізді.

                                     

Екібастұз қалалық

қоғамдық денсаулық сақтау

басқармасының бас маманы

Самал Асылханова