Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала көркі – жасыл желек

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Еліннің  ұлы болсаң, еліңе жанын ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі үшін еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа» - деген-ді. Әрбір азамат өз туған жерін, өскен ортасын бірінші орынға қоюы керек. Шама шарқынша өз туған  ауылының, қаласының көркейіп, гүлденуіне  көмектесуі керек.

Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласын қолдай отырып, көмірлі қаламызды көріктендіру жұмыстары жалғасуда. Қаланың көркіне көрік қосуда жасыл желектің орны бөлек. Қазақта «Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді» деген тәмсіл бар. Жалпы, күзде отырғызылған ағаштар көктемде егілген көшеттерге қарағанда тез бой түзейтіні белгілі.  

Сенбі күні қала әкімі Нұржан Кемерұлы Әшімбетов өзі бас болып, Қосым Пішенбаев ескерткіші орналасқан аллеяға шырша отырғызды. Айта кетерлігі, алдағы жылы кентанушы Қосым Пішенбаевтың туғанына – 175 жыл.