Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Дзюдодан ашық чемпионат

10 қараша күні «Жасыбай» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде дзюдодан ашық чемпионат өтті. Еске сала кетсек, биылғы жылдың шілде айында Екібастұз қаласында тұңғыш рет дзюдо федерациясы құрылған. Ашық чемпионатқа облыстың үш қаласы мен аудандарынан 130-дан астам жас спортшы бақ сынады. Чемпионаттың ашылуына қала әкімі Нұржан Кемерұлы Әшімбетов қатысып, балуандарға сәттілік тіледі. Жарысқа қатысушылардың дені 2004-2005 жылы туған қыздар мен 2004-2005, 2006-2007 жылы туған жасөспірімдерді құрады.

Екібастұз қаласы дзюдо федерациясының жүлдесіне арналған чемпионатта 2004-2005 жылғы қыздар арасындағы 44 келі салмақ дәрежесінде Саина Шакалева бірінші орын, Ділназ Жұмаханова (Павлодар) екінші орын, Жанбота Зайыргелді (Екібастұз) мен Камилла Жылқыбаева (Павлодар) үшінші орын иегері атанды.

Ал, 57 келі салмақтағы қыздар арасында жеңіске Жәмилә Қапсалям (Павлодар) бірінші орынға ие болса, Дарья Захаренко (Ақсу) екінші орын алды. Ал, Аяна Майтенова мен Карина Байғазинова (Екібастұз) үшінші орынға қол жеткізді.

2004-2005 жылы туған 42 келі салмақтағы жасөспірімдердің ішінде бірінші орын Ансар Мамляновқа (Павлодар) берілді. Екінші орын №3 БЖСМ-нің жас спортшысы Алдияр Тезекбайға (Екібастұз) бұйырса, үшінші орынды осы спорт мектебінің жас спортшысы Нұрдәулет Құбайдолла (Екібастұз) мен Әли Дүйсенбекұлы (Павлодар) бөлісті.

46 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынды Даниял Бейсенбай (Ақсу) алды. Екінші орынды Богдан Борецкий (Павлодар) ие болды. Үшінші орынға №3 БЖСМ-нің спортшысы Дінмұхаммед Қазкен мен Азамат Хымбат (Майқайың) шықты.

55 келі салмақта бақ сынаған Уәлихан Шахистам (Павлодар) бірінші орын, Ильдар Оразбеков (Павлодар) екінші орын алды. Үшінші орынды Ислам Накенов (Павлодар) пен Нұрсұлтан Файзулла (Павлодар) қанағат тұтты.

60 келі салмақта Айтжан Қабиболла (Павлодар) бірінші орынды, Жақсылық Қобыланды (Ақсу) екінші орынды иеленді. Үшінші орын Влад Харитов (Павлодар) пен Мәди Мұқанға (Павлодар) берілді. 

 2006-2007 жылғы жасөспірімдер арасында 34 келі салмақта бірінші орынды Данил Лоскутников (Павлодар) алды. Екінші орын Бекасыл Жүнісханға (Павлодар) бұйырды. Үшінші орын №3 БЖСМ-нің жас спортшысы Саддам Мақсұт (Екібастұз) пен Мұхамедәлі Қайрзатқа (Майқайың) берілді.

38 келі салмақта бірінші орын Саян Қалабаев (Ақсу), екінші орын №3 БЖСМ-нің жас спортшысы Майырхан Бисебаев (Екібастұз) алды. Үшінші орынды Рамазан Сағындық (Баянауыл) мен №3 БЖСМ-нің жас спортшысы Ислам Қазкенов (Екібастұз) иеленді.