Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Құқықтық оқу өткізілді

Ағымдағы жылдың 9 қарашасында Екібастұз қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерімен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы және Қазақстан Республикасы Президентінің «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары бағыты бойынша құқықтық оқу өткізілді.

Жиналғандардың алдында Екібастұз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімінің басшысы Ерлан Естайұлы Ақылтаев жиналғандарға  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша құқықтық жалпы оқыту мазмұнын түсіндірді. Сонымен қатар, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы имидждік бейнеролик көрсетілді.