Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала басшысы өнер және мәдениет саласының қызметкерлерін құрметтеді

         2013 жылдың 27 қыркүйегінде музыкалық мектепте өнер және мәдениет саласының қызметкерлеріне арналған салтанатты жиналыс өткізілді.

         Екібастұз қаласының әкімі Александр Вербняк бұл мамандық иелерін құттықтап, ең мықтыларын  мадақтау қағазы және алғыс хаттармен марапаттады.

 «Өнер» қалалық мәдениет орталығының директоры Айман Бралина облыстық мәдениет басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

 Өнер және мәдениет саласының ардагерлері сыйлықтарға ие болды.

           Кездесу Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған концерттік бағдарламамен сүйемелденді.