Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімінің "Екібастұз қаласы әкімінің 2018 жылғы 01 ақпандағы «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы" шешімнің жобасы

Жоба

 

Екібастұз қаласы әкімінің 2018 жылғы 01 ақпандағы

«Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы»

№ 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

 

Шешім 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының  4) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Екібастұз қаласы әкімінің 2018 жылғы 01 ақпандағы «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» № 1 шешімінің (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 5859 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталлондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы К.С. Каримовқа жүктелсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Екібастұз қаласының

            әкімі                                                                                         Н. Ашимбетов