Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Балалар ойын алаңдары қолданысқа берілді

Алғаш рет Екібастұзда көпфункционалды спорттық-ойын алаңдары орнатылып, кешенді алаңдар қолданысқа берілді. Мәшһүр Жүсіп көшесі 32 және Мәншүк Мәметова көшесі 67 мекенжайларындағы көпқабатты үйлердің аулаларында орналасқан бұл алаңдар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ы ұйытқы болды. «Самұрық-Қазына Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының «Менің елім» бағдарламасының шеңберінде салынды. Жобаны «Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-і жүзеге асырды.

Әрбір алаңға әткеншектер қойылып, динамикалық ойын панелімен жабдықталған. Сонымен қатар, жасанды жабыны бар және хоккей, футбол корты енгізілді.

Алаңдарды ашу азаматтардың салауатты өмір салтына ие болып, дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын, өсу серпінін сақтауға мүмкіндік береді. Ал салауатты өмір салты ұлт денсаулығының кепілі болып табылады.

Жаңадан салынған ойын алаңында асында балалардың асыр салып ойнауына қажетті жағдай жасалынған. Айта кетерлігі, жаз уақытында теңбіл допты теуіп ойнайтын алаң жеке орналасқан. Ол алаң жерді ақ қар басқан кезде шайбалы хоккей үшін мұз айдынына айналады. Оған қоса дене жаттығуын жасаймын деушілер үшін түрлі спорттық тренажерлар да бар.