Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жұмабекова Дәметкен Жұмабекова: Дәріхана жоқ, автобус жүрмейді

Мен бұрын Ерейментау ауданының Бозтал ауылында тұрғанмын. Сол жерде талай баланың кіндігін кестім. Сізге төрт мәселемен хабарласып отырмын, әр сұрақты тиісті мекемелерге жолдап, мәселенің шешімін табуына ықпал етуіңізді өтінемін. Айтайын дегенім, түрлі мерекелерде, Қарттар күнінде Екібастұздың жергілікті ардагерлеріне көңіл бөлініп, біз сияқты басқа жақтан көшіп келгендер еленбей қалады. Биылғы Қарттар күнінде мен кәсіпкер, қалалық мәслихат депутаты Эльдар Абдиновтің «Азери» дәмханасында ұйымдастырған шарасына қатыстым. Қарттар үшін қауқылдасып әңгіме-дүкен құрғаннан артық не керек?! Осылай бізді елеп-ескеріп, концерттерге де шақырып тұрса, қандай жақсы! Екінші айтайын дегенім: мен өмір бойы акушер болып еңбек еткен адаммын, ауылда тұрғандықтан, жұмыс орнымды көп ауыстырған жоқпын. Еңбек өтілім – 29 жыл. Бірақ зейнетақы тағайындау орталығының қызметкерлері құжаттарда менің өтілімді 27 жыл деп көрсеткен. Мұны түзетудің қажеті бар ма? Жалпы, еңбек өтілімнің кем көрсетілуі зейнетақыма әсер етпеді ме екен?! Мен Киевская көшесі, 5-үйде тұрамын. Неге екенін білмеймін пәтерім суық, жылу жөнді жетпейді. Батарейлердің астыңғы бөліктері суық болып тұрады. Жылуға жауапты мекемелер осыған мән берсе екен деймін. Мен тұратын жерде дәріхана жоқ. Дәрі-дәрмек алу үшін 22-шағынауданға баруға тура келеді. Бұрын біздің үйдің жанымен №1 автобус өтетін, кейін жүрмейтін болды. Осы автобус маршрутын қалпына келтіруге болмас па екен?! Дәметкен Жұмабекова, еңбек ардагері

Құрметті Дәметкен Жұмабекқызы! Сіздің Екібастұз қаласы әкімінің сайтына келіп түскен өтінішіңізге төмендегіні хабарлаймын.

Екібастұз қалалық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары» 2018 жылғы 2 қаңтардағы №220/26 шешіміне сәйкес, ең төменгі зейнетақы және жәрдемақы мөлшерін алатын азаматтарға 1,2 АЕК көлемінде Халықаралық қарттар күніне біржолғы әлеуметтік көмек көрсету көзделген.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциалық емес акционерлік қоғамының  филиалы Павлодар облысы бойынша зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы департаменті Екібастұз қалалық бөлімшесінің деректері бойынша өтініш беруші ең төменгі зейнетақы алушы болып табылмайды, осыған байланысты әлеуметтік көмектің көрсетілген түріне төлем мүмкін емес.

     Сіз Қазақстан Республикасы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес қабылданған шешімге шағымдануға құқылысыз.