Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2013 жылдың 27 қыркүйегінде әкімдік мәжілісі өтті

          2013 жылдың 27 қыркүйегінде Екібастұз қаласы әкімдігінің үлкен залында  қала әкімі  Александр Вербняктың басшылығымен  әкімдік мәжілісі өткізілді.

Отырыстың жоспарына сәйкес Екібастұз қаласы әкімінің есеп беру кездесулерінде тұрғындармен айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру бағытындағы іс-шаралардың 2013 жылдың І-ІІІ тоқсан қорытындылары бойынша орындалу барысы туралы, қаланың коммуналдық қызметінің, әлеуметтік нысандарының және тұрғын үй секторының 2013-2014 жылдардағы жылу беру маусымына дайындығы туралы, 2013 жылғы шөп шабу науқанының өту барысы туралы, «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасының іске асырылу барысы туралы, «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметті сапалы және уақытылы көрсетуі туралы және «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы күрес бағытында қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәселелер талқыланды.

          Күн тәртібінің мәселелері бойынша Екібастұз қаласы әкімінің аппарат басшысы    мен  Екібастұз  қаласы  әкімдігінің бөлім басшылары сөз сөйледі.

- 2013 жылы қала әкімінің және ауылдық округтер, ауылдар, кенттер әкімдерінің жалпы 47 есеп беру кездесуі өткізілді. Кездесу барысында әлеуметтік сипаттағы 101 мәселе көтерілді. Көтерілген 101 мәселенің 78 орнында түсіндірілді. Қала әкімінің есептік кездесулерінде айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру бойынша іс – шаралар жоспары     72 %-ға орындалды, - деді Екібастұз қаласы әкімінің аппарат басшысы Мәриям Адасбаева.  

2013-2014 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық      мәселелері жөніндегі жағдай туралы «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Ерлан Көшкімбаев ақпарат берді.

 «Павлодарэнерго» Екібастұз жылу орталығының директоры Виктор Вебер осы жылғы жылу беру маусымын уақытында басталатыны және жөндеу жұмыстарының жай-күйі туралы айтты.

Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Өтен Тоқуров шөп шабу науқанының өту барысы туралы мәлімдеді. Қала басшысы Ө. Тоқуровқа және ауыл әкімдеріне мал азығын дайындауды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бибігүл Исенова:

– Қазіргі уақытта жоспарланған 15622,23 шаршы метрден 9330,14 шаршы метр, яғни 60% жалдамалы тұрғын үй пайдалануға тапсырылды, - деп хабардар етті.

         Білім бөлімінің  басшысы Маржан Қайырбаева мемлекеттік қызметті сапалы және уақытылы көрсетілуі туралы айтса, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Қанат Қапуов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы күрес бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы  баяндады.

           Әкімдік мәжілісінің барлық мәселелері қаралып, әр мәселе бойынша қаулы қабылданды.