Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Мереке Маржангул Нет: Бала жардемакысы

Салематсиздар ма,менде сурагым бар енди мен жумыс истемеймин еки балам бар камлетке толмаган!куйеуим жумыс истейди брак жалакысы аз!Балаларга жардем Акы Алуга мумкиндик бар ма соны кайдан билсем болды?

Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету мәселесі жөнінде Сізден келіп түскен өтінішке, келесіні хабарлаймын.

Сізбен әңгімелесу барысында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы түсінік берілді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада бекітілген кедейлік шегінен аспайтын орташа жан басына шаққандағы табысы бар адамға немесе отбасына, шартсыз немесе шартты түрде қолма-қол ақшалай көмек түрінде беріледі. Бүгінгі күні кедейлік шегінің мөлшері 14142 теңгені құрайды.

Сіздің отбасының орташа табысын есептей отырып (32500теңге) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мүмкін емес.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы негізінде Сіз қабылданған шешімге шағымдануға құқылысыз.