Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұзда подиумға ерекше модельдер шықты

Екібастұзда «Ақ көгершін – 2018» шығармашылық фестивалі аясында мүмкіндігі шектеулі балалар арасында сән көрсетілімі өтті. «Екібастұз балалар қоры» қоғамдық қорының директоры Татьяна Шмидт атап өткендей, фестивальдің басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтау.

– Біз осы балалардың талантын және олар үшін қарым-қатынастың маңыздылығын көрсеткіміз келеді, - дейді Татьяна Шмидт. – Ата-аналарға мұндай балаларды төрт қабырғада ұстап отырудың қажеті жоқ, керісінше, шығармашылықпен айналысуға және түрлі іс-шараларға қатысуға мүмкіндік беру керек.

Фестиваль Екібастұзда 19-шы рет өткізіліп отыр. Дәстүрлі түрде оған өткен жылдардағы «Ақ көгершін» түлектері қатысады. Биыл фестивальға 237 мүмкіндігі шектеулі бала қатысып, 72 - і марапатқа ие болды.

– 2018 жыл Павлодар облысында «Экология жылы» болып жарияланғаны белгілі және дәстүрлі «Үздік жасампаз», «Алтын қалам», «Бейнелеу өнері» байқауларына біз жаңа «Экомода» қостық", - дейді қор директоры. – Балаларға дәстүрлі емес материалдардан белгілі бір бейне жасау керек болды. Маталар мен фурнитура пластикалық бөтелкелер, полиэтилен пакеттер, ленталар, шырыннан жасалған қораптар, фломастерлерден жасалған футлярлар, мата, тері құрақтары, жіп, қағаз, пенопласт болды.

Шығармашылық фестивалдің Бас жүлдесін бисерден «Рухани жаңғыру» логотипінен шыққан құстарды арнайы жасаған Айдос Салиев алды.