Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұздық оқушылар халықаралық байқауда үздік үштікке енді

Екібастұз қаласындағы облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицей-интернатының оқушылары Арман Мысанов пен Диас Сүлейменов Ташкент қаласында өткен халықаралық «Internationalrobotsch» робот техникасы сайысында екі дәреже бойынша жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жалпы сайыста алыс-жақын елдерден  келген 50 қатысушы бақ сынады.

Жүлдегерлерді информатика пәнінің мұғалімі Абай Жәкенов дайындаған. Ол:

Робототехника саласы оқушыларға XXI ғасырдың жаңа технологиялық жетісіктерімен танысуға, IT-технологияларды тез меңгеруге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда бүкіл дүниежүзінде робототехника ғылымы кең қолданыс тауып отыр.  Арман Мысанов қазірден бастап осы пәнді қызығушылықпен оқып жүрген оқушы. Тіпті, демалыс кезінде де мектепте көп уақыт өткізеді. Түрлі бағдарламалар ойластырып, алгоритмдер құрастырады, кодтар бойынша жұмыс істейді. Екі оқушының Ташкенттегі жетістіктері үлкен болашаққа бастар жол екені белгілі. Диас Сүлейменов болса облыстық және республикалық байқауларда жеңіске қол жеткізіп жүрген жеткіншек. Робот техникасына деген қызығушылығы жуырда пайда болған. Сол қызығушылығының негізінде робот техникасы инженерлік дағдыны дамытып, бүгінгі күні жетістіктің алғашқы сатысына қол жеткізді, - деді.