Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз аумағында «Қыс-2018» Республикалық командалық оқу-жаттығу өткізілді

Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу басталысымен 2018 жылдың 1 қараша  6 сағат 30 минутта Екібастұз қаласы ТЖ басқармасының барлық қызметшілеріне «Жиын»  дабылы хабарландырылды.  Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесіне бағынысты барлық қалалық күштер толық дайындық қалпына келтірілді, оқу жаттығу сценариясы бойынша орындау үшін тапсырмалар анықталды.

Екібастұз қаласында шұғыл әрекет жасау жасағының жеке құрамы  сапқа тұрғызылды, әр команданың қауіпті кезеңге дайындығы тексерілді. Екібастұз қаласының ТЖ басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Айдын Кажибеков аталмыш жасақтың жеке құрамы алдында тағайындалып берілетін тапсырыстарды орындау үшін дайындықта болу керектігін төтенше жағдайлардың алдын алу және жою іс-қымылдарына дайын болуын нақтылап айтты.

Екібастұз қаласындағы шұғыл әрекет жасау жасағы 146 адамнан және 38 бірлік техникадан тұрады. Сапқа тұру көрінісі аяқталғаннаң кейін жоспар бойынша арнайы-тактикалық оқу жаттығу Екібастұз қаласының аумақтық бөлімшелерімен Республикалық маңызы бар  «Астана-Павлодар» жолындағы Шідерті кентінің учаскесінде мобильді топтың іс-қимылы және автожолдарды қар басу кезінде адамдарды құтқару іс-әрекеті орындалды. Арнайы-тактикалық оқу жаттығуға жеке құрамнан 22 адам қатысты және 5 бірлік техника тартылды.

Оқу-жаттығудың екінші күні жоспар бойынша Екібастұз қаласының аумақтық бөлімшелерімен «КЕGОК» акционерлік қоғамының «Солтүстік жүйеаралық электр тораптары» филиалында  арнайы тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Жаттығу тақырыбы: «Сымдардың мұз болып қату салдарынан ток гирлянды сымдарының үзілуі», авариялық бригаданың технологиялық бұзылыстарын жөндеу бойынша іс-қимылдар көрсетілді. Арнайы тактикалық оқу-жаттығуға жеке құрамнан 22 адам және 4 бірлік техника тартылды.

2018 жылдың 2 қарашасында сағат 18.00-де  «Мұздық – 5005» дабылы берілді. Оқу-жаттығудың аяқталуын білдіретін, бұл дабыл барлық қатысушыларға жеткізілді. Республикалық командалық оқу-жуттығуға барлығы азаматтық қорғау қызметі және құралымдардың жеке құрамынан 672 адам қатысты, 140 бірлік техника тартылды.

Жаттығу жұмысының нәтижесі бойынша жақсы іс-қимыл көрсеткендер: АҚ қызметтері, құралымдарға кіретін шұғыл әрекет жасағы, өртке қарсы, медициналық, байланыс қызметері мен шаруашылық нысандар.

Екібастұз қаласының ТЖБ