Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Бірыңғай конкурстық комиссияның шешімі және оң шешімін алған кандидаттардын тізімі

2018 жылдың 31 қазанында  «Екібастұз қаласы әкімінің аппараты»   ММ «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға ішкі конкурс бойынша конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өткізілді.

Отырыс нәтижесі бойынша бос лауазымына орналасуға:

- «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі  мемлекеттік бас инспекторы санаты E-3 лауазымына Талгат Бесембаевич Мурзалиновтың;

- «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау бөлімінің  басшысы Е-3 санаты лауазымына  Ринат Жасуланович Шариповтың кандидатурасын ұсыну туралы шешім қабылданды.

Қатысушылардың болмауына байланысты «Б» корпусының «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің:

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»  ММ басшысы Е-R-1 санаты бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасу үшін Екібастұз қаласы әкімдігі жергілікті атқарушы органдарының және ауылдық округтері, кенттері мен ауылдары әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өтпеді деп жарияланды.