Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 17 қыркүйектегі №895/9 қаулысы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 01 қарашада № 6095 болып тіркелген

Екібастұз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы

«Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай

ұйымдастырушысын айқындау және мемлекеттік сатып алуды

ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын

бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды,

қызметтерді анықтау туралы» № 215/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8-бабы  1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, бюджеттік қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы «Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4988 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 наурызда «Отарқа» және «Голос Экибастуза» газеттерінде жарияланған) № 215/3 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Н.В. Нефёдоваға жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Екібастұз қаласының

әкімі                                                           Н. Ашимбетов

 

 

Екібастұз қаласы әкімдігінің

2018 жылғы 17 қыркүйектегі

№ 895/9 қаулысына

қосымша

 

Екібастұз қаласы бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру

мен өткізуді мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы орындайтын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер

 

р/с№

Атауы

1

Қалалық жергілікті атқарушы органмен бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды қарастыратын бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде конкурс (аукцион) әдістерімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар

2

Егер де сатып алуға бөлінген лот сомасы (жоспар тармағы) үш мың есе айлық есептік көрсеткіштен асса, бірақ тиісті қаржы жылына белгіленген жүз мың есе айлық есептік көрсеткіштен артық болмаса, конкурс (аукцион) әдістерімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар