Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Үміткерлер таныстырылды

Қазанның соңғы күні Екібастұз қаласының әкімі Нұржан Кемерұлы Әшімбетов Қоянды ауылында болды. Қоянды округіне қарасты Құрылысшы, Бесқауға,  Теміртас, Қоянды ауылдарының тұрғындарына ауыл әкіміне үміткер үш кандидатты таныстырды. Округте 1200-ден астам халық қоныстанған.

Үміткерлердің ішінде Бесқауға ауылында біраз жыл әкім қызметін атқарған Жанат Ибраев, қалалық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Абай Хәкімов пен Бесқауға орта мектебі директорының орынбасары Дүйсенбай Сүлейменов болды. Ауыл тұрғындардың көпшілігі Жанат Ибраевтың кандидатурасын қолдады. Алайда, кімнің әкім болуға лайықты екендігін қалалық мәслихаттың депутаттары өз дауыстары арқылы тура бір айдан кейін шешетін болады.

Қала әкімі Нұржан Кемерұлы тұрғындардың тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар қайтарды.