Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz

Екібастұз қаласы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының және ауылдық округтер, кенттер мен ауылдар әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс

Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға ішкі конкурсын өткізу туралы хабарландыру

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырындағы № 98 бұйрығымен өзгерістерін ескере отырып).

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары    

E-R-1 санаты үшін: жоғары білім;

            Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

            1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

            2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

            3) B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

            4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

            5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;**

            6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

            7) ғылыми дәрежесінің болуы.**

E-3 санаты үшін: жоғары білім;

       Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

       4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;**

      6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы.**

* Ескерту: осы талаптарға аймақтық жұмыс тәжірибесі белгіленуі мүмкін.

** Ескерту: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

*** Ескерту: осы талап сот жүйесі лауазымдарына ғана қойылады.

****Ескерту: егер осы лауазым мемлекеттік органның штат кестесінде төмендетілген болып табылатын болса, онда жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар қойылмайды.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы:

Санаты

Еңбек сіңіргеніне байланысты жылдары

min

mах

E-R-1

142412,36

192381,61

E-3

102436,96

138248,26

«Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ, 141200, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45-үй, анықтама телефондары/факс: 340856, электрондық мекенжайы: sup.ae@pavlodar.gov.kz,  Екібастұз қаласы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының және ауылдық округтері, кенттері мен ауылдары әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің арасында «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы, Е-R-1 санаты (№02-03-01), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің қызметін үйлестіру және басқару. Қаланың тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, көріктендіру және есепке алу мен тұрғын үй беру мәселелері.    Коммуналдық кәсіпорындардың, көліктік, жол және коммуналдық инфрақұрылымның қызметін үйлестіру, дамыту және жаңғырту. Энергия-жылу-сумен жабдықтау және лифтілік шаруашылық мәселесі, нысандарды күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындау. Мемлекеттік тұрғын үй қорының және инженерлік желілердің  техникалық жағдайын бақылау. Екібастұз қаласын көріктендіру, санитарлық жағдайы, көгалдандыру және жарықтандыру бойынша қажетті деңгейін қамтамасыз ету.  Қаланың жолаушылар көлігі, байланыс және телекоммуникация кәсіпорындарының жұмысын мониторингілеу. Қаланың коммуналдық кәсіпорындарымен көрсетілетін коммуналдық қызметінің сапасына бақылау жүргізу. Барлық органдарда, мекемелер мен ұйымдарда, сондай–ақ азаматтық құқықтық қатынастарынан туындайтын барлық салаларда Бөлімнің мүддесін ұсынады. Жеке және заңды тұлғалардың коммуналдық шаруашылық және коммуникация,  жолаушылар көлігі және көріктендіру, тұрғын үйді есепке алу және бөлу мәселелері бойынша түсетін ұсыныстарын, өтініштер мен арыздарын қарау. Азаматтарды, олардың қызықтыратын мәселелері бойынша жеке қабылдау жүргізу. Қала әкімінің бағыттаушы орынбасарымен бірге коммуналдық кәсіпорындарды құру, тарату және қайта ұйымдастыру бойынша қала әкіміне негізделген ұсыныстарды енгізеді. Қала әкімінің және жоғарғы органдардың  шешімдерін, өкімдерін және тапсырмаларын орындау туралы ақпарат дайындау.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім (әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес саласында; техникалық ғылым және технологиялар саласында; білім саласында; қызмет саласында; құқық саласында).

2. «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау бөлімінің  басшысы, Е-3 санаты, индексі № 01-1-11, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Бөлім қызметіне басшылық жасау және үйлестіру; бөлімнің, аппараттың жұмысын жоспарлау. Қазақстан Республикасы  Президентінің Жарлықтары мен басқа да заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулыларын, облыс және қала әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін орындау бойынша ұйымдастырушылық жұмысты қамтамасыз ету. Референдумдар мен сайлаулардың өтуіне бақылау жасау және ұйымдастыру. Әкімдіктің отырыстарына,  ауылдық округтер мен кенттер әкімдерімен  болатын жиналыстарға материалдар дайындау. Ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар, әлеуметтік паспорттар  дайындау.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету және/немесе ақпараттық жүйелер); білім (құқық және экономика негіздері және/немесе тарих және/немесе орыс тілі және әдебиеті және/немесе бастапқы оқыту педагогикасы мен әдістемесі және/немесе информатика және/немесе мектепке дейінгі оқу және тәрбие беру және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті және/немесе әлеуметтік педагогика және өзін тану және/немесе шет тілі: екі шет тілдер); заң (заң); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе журналистика және/немесе экономика).

3. «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі  мемлекеттік бас инспекторы, санаты E-3, индексі № 01-1-11, 1 бірлік.

               Функционалдық міндеттері: Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Жер заңнамасына қатысты анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде орындау үшін міндетті нұсқамалар береді. Тіркеуші органдарға Қазақстан Республикасы Жер кодексі 94-бабының 2-тармағына сәйкес жер теліміне құқық ауыртпалығын белгілеуге және тоқтатуға нұсқама жібереді. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 148-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап арыз дайындайды және береді.  Пайдаланылмай жатқан не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жерді анықтап, мемлекеттік меншікке қайтаруға қатысты жұмысты ұйымдастырады. Орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92 және 93-баптарына сәйкес заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жер телімдері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар туралы ақпарат береді. Заңнамамен жүктелген өзге де міндеттерді атқарады.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: ауыл шаруашылық ғылымдары (агрономия және/немесе жерді мелиорациялау, баптау және қоргау); техникалық ғылымдары мен технологиялар (геодезия және/немесе маркшейдер ісі); қызметтер (жерге орналастыру және/немесе кадастр және/немесе бағалау); заң (заң); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару).

Құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде ұсынылуы тиіс.

Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасында ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) құжаттарды ұсынғанға дейін кемінде отыз күнтізбелік күн ішінде тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде жүргізіледі.  Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi әкеліп берген немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамассыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар қатыстырылуына жол беріледі.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жарияланған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірбиесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң үш жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.

Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

            Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына  
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан 
__________________________
(мемлекеттік орган)   

Өтініш

Мені____________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________

 бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуконкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшіліклауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_______________________________________________________________________________________________

      Мекен жайы және байланыс телефоны_________________________________________
_______________________________________________________________________________________________

____________                                                                         _____________________________

    қолы                                                                                        (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

 «___» ________________ 20__ж.