Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұздағы санитарлық тазалау және абаттандыру қорытындысы туралы

Қала мен ауылдарды абаттандыру, санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында абаттандыру және санитарлық тазалау айлығы жарияланды.

Қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарына көшелерді бекіту және іс-шаралар жоспары әзірленді.

МАЭС-1 19 шағын аудан (Московская көшесінен Королев көшесіне дейін, М. Әуезов көшесінен Энергетиктер көшесіне дейін)

«Богатырь Көмір» ЖШС к-сі, Қонаев көшесі (Пішембаев көшесінен Проммашкомплектке дейін)

«Промсервис-Отан» ЖШС (М.Жүсіп көшесінен Қонаев көшесіне дейін)

«Шығыс» кеніші Пішембаев көшесі (Абай көшесінен М. Жүсіп көшесіне дейін)

«Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ «Екібастұз» станциясы 207-208 квартал

«Проммашкомплект» ЖШС Қонаев көшесі (іргелес аумақтан М. Жүсіп көшесіне дейін)

«Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС 207-208 квартал

«Ангренсор» ЖШС Энергетиктер көшесі (Горняков көшесінен Марғұлан көшесіне дейін).

Облыс әкімінің бірінші орынбасары У.Е. Жазылбектің тапсырмасына сәйкес 2018 жылғы 6 қазанда  Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Екібастұз қаласында абаттандыру бойынша сенбілікке көшпелі мониторинг жүргізді.

Көшпелі мониторинг барысында Қарасор, Құлакөл ауылдарында Екібастұз қаласының Абай, Қонаев, Геологическая, Торайғыров, Новоселов, Әуезов, М. Жүсіп, Энергетиктер, Московская сияқты бірқатар көшелері қаралды.

6 қазанда жалпықалалық сенбілік шеңберінде қала бойынша және ауылдық елді мекендерде меншік нысанына қарамастан 725 жуық ұйымдар мен кәсіпорындар тартылды, оның ішінде: ауылдық елді мекендер - 29 бірлік, қаланың білім беру мекемелері-45 бірлік, мектепке дейінгі балалар мекемелері-28 бірлік, кондоминиум объектілерін басқару - 30 бірлік, ірі кәсіпорындар - 7 бірлік, қоғамдық бірлестіктер-8 бірлік, мәдениет объектілері-15 бірлік, денсаулық сақтау мекемелері-8 бірлік, мемлекеттік мекемелер-13 бірлік, - 10 бірлік, коммуналдық кәсіпорындар-8 бірлік және 519-дан астам шағын және орта бизнес субъектілері (дәмханалар, мейрамханалар, базарлар,  сауда орталықтары, тұрақтар, қонақ үйлер, ЖМС, ТҚС, дүкен салондар және т.б.) 18000 адам қатысты. 96 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды. 40 бірлік техника жұмылдырылды.

471200 м2 алаңда үй ішіндегі аумақтар мен елді мекендердің шеттері қоқыстардан тазартылып, ретке келтірілді, 650м3 қоқыс және тұрмыстық қалдықтар селитебті аймақтан тыс шығарылды.

40 дана ағаштар мен бұталар отырғызылды.

Жөнделген жол төсемдерінің ауданы 800 метрді құрады.

Ескерткіштердің, обелискілердің 3 данасы және оларға іргелес саябақтар мен скверлердің 30000 метр аумағы ретке келтірілді.

5 ірі кәсіпорынға және шағын және орта бизнес объектілеріне ( кеңселер, дәріханалар, дүкендер және т. б.) іргелес жатқан 6667 м2 аумақ қоқыстан тазартылды).

Ағымдағы жылдың 15-29 қыркүйек аралығында жалпы қалалық сенбілік шеңберінде қала бойынша және ауылдық елді мекендерде меншік нысанына қарамастан 500 ұйым мен кәсіпорын тартылды. 15000 адам қатысты.

Сенбілік кезінде 5400 мың м2 алаңдағы үй ішіндегі аумақтар мен елді мекендердің шеттері қоқыстан тазартылып, ретке келтірілді, 1906 м3 жуық қоқыс пен тұрмыстық қалдықтар селитебті аймақтан тыс жерлерге шығарылды, 35 бірлік рұқсат етілмеген қоқыс орындары жойылды, 2000 дана бордюрлер әктелді.

Бұл мақсатқа қала құраушы кәсіпорындардың, сондай-ақ қаланың басқа ұйымдары мен кәсіпорындарының арнайы техникасы тартылды. Жалпы сенбілік кезінде 60-тан астам техника тартылды.

 

Санитарлық-гигиеналық қадағалау

 және техникалық регламенттердің

орындалуын бақылау бөлімінің басшысы                        Г. А. Дүйсенова