Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы қоғам үшін ашық

Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы қызмет барысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңдарына сай сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды іс жүзіне асырады.

Өткен кезеңде Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы гарнизон жеке құрамымен бірігіп көлемді профилактикалық және тәрбие жұмыстарын өткізді. Жалпы ағымдағы жылда 3 тоқсанында гарнизонның жеке құрамымен 23 профилактикалық және тәрбие жұмыстар өткізілді.  Сонымен қатар гарнизонның жеке құрамының жетістіктерінің негізгі іс шараларын жоспарлы атап көрсетуге болады, олар: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып жадынамалар (кітапшалар)» байқауларында және волейбол, футбол және гир көтеру облыстық спорт сайыстары.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте азаматтық қорғау органдарының жеке құрамы арасында азаматтық қорғау органдарының көптеген профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Бірінші кезекте азаматтық қорғау органдарында тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жай-күйі туралы мәліметтерді жеткізу.   Басқарма басшылары азаматтық қорғау органдарында тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жай-күйі туралы ақпарат, ай сайын жергілікті радио және теледидарда бұқаралық ақпараттық құралдар арқылы беріліп тұрады. Өткен кезеңде жалпы сөз сөйлеу 8 рет болды. Сондай-ақ азаматтық қорғау органдарында тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жай-күйі туралы мақалалар әзірленіп және орналастыру жұмыстары жалғасуда. Өткен кезеңде азаматтық қорғау органдарында тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жай-күйі туралы жалпы 5 мақаласы жарық көрді.

Екібастұз қалалық филиалы «Нұр Отан» партиясында «Жас Отан» жастар қанатының белсенділерімен Екібастұз гарнизонында сыбайлас жемқорлыққа қарсы және халыққа қызмет көрсету орнында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамның қатысуы» тақырыпта дөңгелек үстелдер өткізілді.  

Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасының жеке құрамы кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығында азаматтық қорғау органдарында тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жай-күйі туралы 3 сабақ өткізілді. Басқарма ғимаратында шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік орнатылған.

 

Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар

 басқарма бастығының орынбасары Д.М. Байсанбаев