Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Хасар Айтпекович Хабылбеков Екібастұз қаласы әкімінің  орынбасары болып тағайындалды

Екібастұз қаласы әкімінің 2018 жылғы 10 қазандағы өкімімен Хасар Айтпекович Хабылбеков Екібастұз қаласы әкімінің жедел –шаруашылық мәселелері және коммуналдық  сала жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

1986 жылы 12 мамырда Павлодар қаласында дүниеге келген.   

Білімі - жоғары, 2007  жылы Қазақ құқықтану және Халықаралық қатынастар институтын заңтану бакалавр мамандығы бойынша, 2014 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін көлік құрылысы мамандығы бойынша, 2016 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті жанындағы магистратураны аяқтап, техника және технология  магистрі академиялық дәрежесі мен біліктілігі берілді.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі – 5 жыл.

«ДормРемСтрой ПВ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік директоры, Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы өндірістік бөлімінің басшысы, Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау  басқармасы лицензиялау, аттестаттау бөлімінің  басшысы, Павлодар облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы  лауазымдарын атқарды.

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін Шарбақты ауданы әкімінің орынбасары болды.