Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы - Айдар Серікұлы Иманбеков

Екібастұз қаласы әкімінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі өкімімен Айдар Серікұлы Иманбеков «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып  тағайындалды.

      Айдар Серікұлы Иманбеков 1990 жылы 3 қарашада Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген.   

Білімі жоғары, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін сәулет мамандығы бойынша аяқтаған. Жалпы еңбек өтілі - 8 жыл, мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі - 3 жыл.

         Айдар Серікұлы өз еңбек жолын «ЭкспертСтройЭкспо» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жобасының бас сәулетшісі ретінде бастаған.

        Әр жылдары:

         «SD Проект Консалтинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары, Павлодар қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші және бас маманы тәрізді әр түрлі лауазымдар атқарды.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына  тағайындалғанға дейін  Павлодар облысы бойынша  мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы бас маманының  қызметін атқарды.